2025 жылғы қыркүйек айында Ануар балабақшасында
ата-аналарға арналған «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында тренинг өткізілді
Өткізу мақсаты:
Балаларды балабақша жағдайына бейімдеу жолдарын түсіндіру, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
Қатысушылар:
Балабақша меңгерушісі,әдіскер, тәрбиешілер, ата-аналар.
Өткізу форматы:
Тренинг
Қаралған мәселелер:
баланың алғашқы күндері үйрену кезеңінің ерекшеліктері;
ата-ананың қолдауының маңызы;
баланың эмоционалдық жағдайын бақылау;
жылау, қорқыныш, ұйқы мен тәбет өзгерісінің себептері;
жағымды орта қалыптастыру жолдары;
ата-ана мен тәрбиеші ынтымақтастығы.
Өткізілу барысы:
Шара барысында мамандар баланың бейімделу кезеңі туралы түсіндірме берді. Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Сұрақтарға толық жауап берілді
Қорытынды:
Тренинг нәтижесінде ата-аналардың баланың бейімделу үдерісі туралы түсінігі артты. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Ұсыныстар алынып, олар іс-шара жоспарына енгізілді.